БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Байзақтағы жарылысқа кінәлі деп сотталған екі сарбаз бен екі офицер мемлекетке келген 24 миллиард теңгеге жуық шығынды теңдей өтейтін болды. Шымкенттегі азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қорғаныс министрлігінің залалды сотталушылардан өндіріп алу талабын қанағаттандырды. Бірақ жазасын өтеп жатқан жігіттердің туыстары қыруар қаражатты төлеуге шамамыз жетпейді деп отыр.
ЖАНАР ХАДИРОВА, ЕРПУЛАТ ТҰРАНОВТЫҢ анасы:
Біз түсінбейміз қалай өтеу керектігін. Біз жай ғана қарапайым отбасымыз. Қай миларымен ойлап соны қорғаныс министрі сұрап отыр. Ол жағы бізге белгісіз. Қорғаныс министріне кеше айтып өттік өздерінің айыптарын жуу үшін осы балаларды крайний етіп отыр ғой.
Еске салайық, үш жыл бұрын Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болып, 18 адам қаза тапқан еді. Төтенше жағдайдан бірнеше ауылдың үйлері де бүлініп, жарақат алған азаматтар саны жүзге жеткен болатын. Дүйім елді дүрліктірген дүмпуден кейін "бөтеннің мүлкін қасақана жою" бабымен екі сарбаз Әсет Әшірбай мен Ерпулат Тұранов 13 жылдан бас бостандығынан айырылды. Ал, қызметіне салғырт қараған әскери бөлімнің офицерлері Асылан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиев бес жылдан жаза арқалаған еді.
-------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық