БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
«Halyk» қайырымдылық қоры баспанаға мұқтаж 400 отбасына пәтер кілтін табыстады. Комфорт санатындағы тұрғын үй кешенінде барлық жағдай жасалған. Әлеуметтік жоба арқылы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру көзделген. Жаңа қонысқа кіріп, қуанышқа бөленген жандармен әріптесім тілдесіп келді.
Жалдамалы пәтерде тұрып шаршаған астаналықтар үшін бүгін ерекше күн. Баспаналы болуды армандап жүрген жандарға «Halyk» қайырымдылық қоры ұмытылмас қуаныш сыйлады. Басты мақсат - әр азаматтың өз үйі, өз шаңырағына кіруіне сеп болу еді дейді қор басшысы.
САҒЫНБЕК ШҮҢКЕЕВ, "Halyk" қайырымдылық қорының директоры:
400 пәтерлі үйді Compass North деген комфорт плюс классты үйді беріп отырмыз 400 семьяға. Біз деген оның бәрін түгелімен Астана әкімдігіне беріп отырмыз. Ары қарай оны тарату Астана әкімдігімен программа бойынша жүргізілуде. Біз үйлерді чистовой, яғни түгел ремонтымен, обойымен, ламинатымен, санузелімен қамтамасыз етіп беріп жатырмыз.
Комфорт санатындағы тұрғын үй кешенінің аумағында спорт алаңы, кешкілік серуенге арналған аллея мен арнайы демалыс аймағы бар. Пәтер ішінде де тұруға қолаулы барлық жағдай жасалған.
Баспананың құрылысына 7 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалған екен. Ал 15 жылдан бері Ішкі істер саласында қызмет ететін Жандос Тұрашев баспанасыз жүру өте қиын екенін айтады.
ЖАНДОС ТҰРАШЕВ, Астана қаласының тұрғыны:
7-8 жылда пәтер жалдап тұрдық әр жерде тұрдық. Үй берілді өте қуанып рақмет айтамыз. Басында өзім сенбей қалдым. Үйді деген енді Астанада білесіз. Сонымен басында сенбей не боп қалдық аң-таң болып. Кейін қуанып жұбайыма айтып, жұбайым жылап үй алғанды естіп.
Айта кетейік, Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен 2016 жылы ашылған «Halyk» қайырылымдық қоры еліміздің түкпір-түкпірінде мұқтаж жандарды қолдауға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырған. Махаббат Нұржанқызы, Нұркен Тоқмурзин, Информбюро, Астана.
----------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық