БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Ұзақ жылдар бойы Астананың мәдениет басқармасын басқарған Болат Мажағұлов 1 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілініп, қамауға алынды. Сезікті ел арасында «Күн» субұрқағы аталып кеткен нысанды салу кезінде аса ірі көлемде бюджет қаржысын қолды қылды деп айыпталып отыр. Себебі, субұрқақтың құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей, тікелей келісімшарттар жасалған. Ал, көпшілікке кешкі серуен кезінде керемет көңіл-күй сыйлап, әсерлі әсем көріністер ұсынуға арналған кешен 4 жылдан бері апатты жағдайда тұр.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
Кейінгі жылдары даулы мәселеге айналған субұрқақ қазір біздің артымызда, яғни Есілдің сол жағалауында тұр. Әу баста 2016 жылы қала күні қарсаңында елордалықтар мен Астана қонақтарын қуантып, кешкі серуендерін көрікті ете түсу үшін салынған нысанға 1,5 миллиард теңге қаржы кеткен. Бірақ бір жылдан кейін белгісіз себептерге байланысты жұмыс істемей қалған. Ал 2020 жылы әкімдік қайта тексеру жұмыстарын жүргізіп, субұрқақты қалпына келтіру үшін тағы 460 миллион теңге керектігін нақтылаған.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Сарапшылардың қорытындысы бойынша құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр. Ұрланған қаражаттың көлемі 1 миллиард теңгеден асып отыр.
Сондай-ақ, алып субұрқақты энергиямен қамтамасыз ететін кабельдер мен өзге де шығын материалдары қолды болған деді әкімдік өкілдері. Қазір бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әрі шенеуніктер 4 жылдан бері қажетті жабдықтар құны өсуі мүмкін, сондықтан нысанды жөндеп, күтіп ұстау әкімдікке тиімсіз деп отыр.
Аталған нысан бөлшектелетін болады. 2025 жылдың соңына дейін бөлшектеу жоспарланып отыр. Объектіні бөлшектеуге бюджет қаражаты бөлінбейді.
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ал, қаржылық мониторинг агенттігі субұрқақ құрылысы кезінде аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қалалық мәдениет басқармасын 9 жылға жуық басқарған Болат Мажағұловты қамауға алған. Сондай-ақ, кешенді салған мердігер ұйым өкілдері де тергеліп жатыр. Әрі күдіктілердің жалпы сомасы 572 миллион теңгені құрайтын мүлкіне шектеу қойылып отыр. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны мен премиум санаттағы пәтер бар. Нұрболат Жаңабекұлы, Нұркен Тоқмурзин, Информбюро, Астана.
----------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық