Көшпенділер ойындарының бас серіктесі Halyk bank доданың жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосып отыр

Опубликовано: 19 Март 2025
на канале: Информбюро 31
210
1

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Елордада өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас серіктесі Halyk bank әлем назары ауған дүбірлі доданың жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосып отыр. Ал Ұлттық құрамамыз бар-жоғы екі күн ішінде 14 алтын мен 3 күміс және 8 қола жеңіп, жүлде саны бойынша көш бастап тұр. Бүгін отандастарымыз спорттың 10 түрінен сайысқа түседі. Жарыстың көбі іс-шара аясында құрылған этно-ауылда өтетін болады.
Шамамен 10 гектар аумақты алып жатқан этно-ауыл бүгінде жарыс алаңы ғана емес, алыс-жақын шетелден келген қонақтарға салт-дәстүрімізді насихаттайтын орталыққа айналды. Келушілер бұл жерде ұлттық ойындарға өздері де қатысып көріп, қолөнер мәдениетімен жақын танысуда.
ДӘУРЕН САРТАЕВ, Halyk басқарма төрағасының орынбасары:
Үлкен іс-шараның бас серіктесі болу біз үшін үлкен мәртебе. Көшпенділер ойындары - отандастарымыздың бірлігін арттыратын тарихи оқиға. Биыл елімізде су тасқыны сияқты табиғи апаттар болып, қиын кезеңді ауызбіршіліктің арқасында еңсердік. Енді осындай қуанышты жайтта ел болып ұйымдастырып жатырмыз. Көшпенділер ойындары сонысымен де зор маңызға ие.
НҰРЛЫБЕК СЕЙДАХМЕТ, Halyk Bank маңғыстау облыстық филиалының директоры:
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны осы біздің бұрыннан сақталып қалған ойынымызды сақтап қалуға, оны біріншіден Қазақстан аумағындағы барлық тұрғындарымызға, жерлестерімізге көрсетуге және оны дүниежүзіне паш етуге толық мүмкіндік. Сондықтан Қазақстан Халық банкінің бас серіктестігінің арқасында осындай этно-ауылда кеше "Бірлік керуені" өтті, бүгін де жалғасып жатыр.
Елорда төрінде өтіп жатқан дүниежүзілік бұл жарыстың бас серіктесі ретінде еліміздегі қаржы саласының көшбасшысы ретінде Халық банктің таңдалуы да бекер емес. Өйткені Халық әрдайым әлеуметтік жобаларды ұйымдастыруда және оны жауапкершілікпен іске асыруда шет қалмаған.
ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші:
Айта кетсек, Халық банк 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі ретінде маусым айында бекітілген. Биыл біздің елде ұйымдастырылып жатқан осынау дүбірлі додаға 89 мемлекеттен 2 мыңнан астам атлет қатысуда. Олар спорттың 21 түрінен сайысқа түсіп, жалпы 97 медальға таласады.Оразай Нұртайұлы, Нұркен Тоқмурзин, Информбюро.
------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық