БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Енді қазақстандықтар дәрігер қабылдауына жазылу үшін де биометриялық тексеруден өтеді. Келесі жылдан бастап еліміздегі емханаларға FACE ID жүйесі енгізіледі. Яғни, бет-жүзіңіз сканерлеу арқылы қалаған дәрігерге қаралып, қызмет ала аласыз. Жаңа жоба бүгінде Астана қаласында пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
ДИАНА ТҰРЛЫБЕК, тілші:
Енді дәрігер қабылдауына жазылу үшін жеке сәйкестендіру нөмірінен бөлек осылай бет-әлпетіңізді сканерден өткізесіз. Ол үшін телефоныңызда медициналық ақпараттық жүйе болуы тиіс. Ал, емханаға барған кезде арнайы веб-камера арқылы тіркелесіз. Айта кетейік, бұл жүйе тек 16 жасқа толған қазақстандықтарға қатысты.
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері биометриялық сәйкестендіру арқылы адамның жеке дерегін жылдам анықтауға болады деп отыр. Және бұл құжат толтыру, тіркелу үшін кезек күту сияқты жұмыстарды жеңілдетеді. Сондай-ақ, енді ақ халаттылар көрсетілмеген қызмет көрсетілді деп жалған құжат толтыра алмайды. Мәселен, министрлік жүргізген тексерістен кейін дәрігер қабылдауына жазылмаған адамдарды тіркеген 46 мыңға жуық жағдай анықталған.
БАУЫРЖАН МЕЛДЕБАЙ, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы:
Ең алдымен, биометриялық сәйкестендіру пациенттің жеке басын тексеру кезінде дәлдік пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, алаяқтық және медициналық қызметтерді заңсыз алу қаупін азайтады. Нәтижесінде пациенттер медициналық көмекке ыңғайлы және жылдам қол жеткізе алады, ал медициналық ұйымдар жұмысы жеңілдейді.
Ал, ақ халаттылар жалған құжат толтыру дерегін техникалық ақаулықтармен байланыстырады.
АҚМИРА САДЫҚОВА, Алматы қаласы №29 қалалық емхананың бас дәрігері:
Көбінесе бізде жаңағы кюар кодпен растаудың өзінде еговта кідіріс болып қалуы мүмкін. Онда кезекте тұрғандар толқи бастайды. Екіншіден біздің азаматтардың көбісінің тел нөмірлері еговка тіркелмеген. Ондай жағдайда да кідіріс болады. Себебі, олар кюар кодты скан жасау үшін бірінші тіркеу керек болады. Егер фейс айди қойылатын болса осы бүгінгі күнгі мәселелер дұрысталушы еді.
Жаңашылдыққа халық пікірі екіге бөлінді. Бірі расымен тиімді десе, екіншісі дәрігерге қаралу одан сайын қиындай түсе ме деп алаңдайды.
Дұрыс қой тексерген, тексерістің ешқандай артықшылығы жоқ.
Мынау өзіміздің үйренген ИИН жақсы ғой, анадай суретке түсіп неткеннен гөрі.
Дұрыс. Фейс айдимен кірген кезде адамның жеке өзі кіргенін көре аламыз. Ал егер ИИН-мен кірер болса алаяқтық, коррупция сияқты жолдары бар.
Әзірге жоба Астана қаласында пилоттық режимде жыл соңына дейін жүзеге асады. Ал, келер жылдың қаңтарынан бастап еліміздің барлық емханаларын қамтиды.
Диана Тұрлыбек, Влад Шишко, Ринат Абулхаиров,Информбюро, Алматы.
----------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық