Дональд Трамп АҚШ-тың бас прокуроры лауазымын уақытша атқарушы Салли Йейтсті қызметінен босатты. Бақылаушы орган басшысы президенттің босқындар туралы жарлығын заңға қайшы деп, орындаудан бас тартқан. Ал Трамптың көші-қон саясатына халықтың наразылығы одан сайын ұлғайып келеді.