"Информбюро" жаңалықтар қызметінің арнайы корреспонденті, "Сөздің шыны керек" жобасының авторы, әрі жүргізушісі Ирина Советжанқызы журналист болғысы келетін жастарға шеберлік дәрісін өткізді. Ең қызығы, «Тележурналист» тақырыбында өткен сабаққа прокуратура қызметкерлері, мектеп директорлары мен әкімдіктен келген азаматтар да көп қатысты.