Алды 32 сантиметрге дейін бірнеше үйі қисайып кеткен Алматының Алғабас ықшам ауданында тағы да шу шықты. Бұл жолы да Есімов әкім болып тұрған кезде салынған үйдің тұрғындары «үйіміз қисайып, құлағалы тұр» деп дабыл қағып жатыр. Халық «үй шалқайып бара жатыр, бір күні үйіндінің астында қаламыз ба» деп қорқады. Ал Алматы қаласының әкімдігі елдің көзбен көріп отырғанын жоққа шығарып, ешқандай қауіп жоқ деп қысқа қайырды.