Бүгін Астанада үйлері мемлекет мұқтаждығы үшін бұзылғандар наразылық шарасын өткізді. Көп балалы аналар мен жағдайы төмен отбасылар елорда билігінен жалғыз баспаналарын қалдыруды тағы талап етті. Әкімдік берген өтемақыға үй түгілі, жер сатып алу мүмкін емес деп жылаған тұрғындардың зары бүгін Мәжіліске де жетіпті. Депутаттар Үкіметтен саяжайынан айырылып, далада қалғандардың мәселесін шешуді сұрады.