30 жыл бойы Қазақстанды жайлаған ұрлық-қарлық, өтірік-зорлық енді осы Бішімбаевтар істері арқылы шығып жатыр. 2018 жылы елден бір миллиардтан астам ақша жымқырды деп он жылға сотталған Бішімбаев, 2028 жылы бостандыққа шығуы керек еді. Бірақ бар болғаны бір жарым жыл отырып шықты. Әділетті Қазақстанда тұрсақ, Бішімбаев әлі түрмеде, Салтанат Нүкенова тірі болар еді.
Беттерімен кеткен Назарбаевтың жас буыны елді тұйыққа тіреп жатқанын айқын көрсетеді. Мұнай мен газ, темір мен көмірдің тоналуы екінші орынға сырғып, ең басты адам құндылығы -- иманымыздың ұрланғаны әшкере болды.
Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыздар:
Instagram / tilkespekjoq
Facebook / tilkespekjoq
ВКонтакте https://vk.com/tilkespekzhoq
Telegram https://t.me/tilkespekjoq
Twitter / tilzhoq