БІЗДІҢ YOUTUBE-АРНАҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ / ПОДПИШИСЬ НА НАШ YOUTUBE-КАНАЛ: https://www.youtube.com/c/aibat?sub_c...
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында бір топ жастың аспалы жол кабинасына тас лақтыруын халық мәдениетсіздік пен айуандыққа теңеді.
Аталған курорттың директоры Ринат Әбдірахманов: «Кабинадағы адамдар еліміздің қонақтары болуы мүмкін екенін мүлдем ойлап тұрған жоқ. Істің артын ойламай, біреудің мүлкіне залал келтіріп тұрғандарында істері жоқ. Осындай масқара іске куә болған турист не ойлайды?! Бұл адамдар тек нақты бір затқа не адамға қастандық жасап тұрған жоқ, олар біздің ұлттық имиджге нұқсан келтіріп тұр. Бұл жастықпен жасалған іс емес, бұл – ұлтты масқаралау», - деп пікір білдірді. Бұзақылық әрекетке барғандар қазір анықталып жатыр.
---------------------------------------------
Официальный сайт «Седьмого канала» https://tv7.kz/ru/
#Жетіншіарна #седьмойканал #Сөздіңқысқасы #создинкыскасы #АрдақҚасымхан #Шымбұлақ