Тіл-ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты білімді де еңбекқор ұл қыздары, біздерге ғасырлар бойы ата бабаларымыздан жеткен аманат. Елімізде жыл сайын атап өтілетін 5 қыркүйек "Қазақстан халықтарының тілдері" мерекесіне орай мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Аяған Нұржан Алдоңғарұл, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Касенова Гүлжамал Кенесовна мен Армис Жансая Кенжебаевна мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, жас ұрпақты тіл мәдениетіне баулу жолындағы еңбектері үшін Степногорск қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.