ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және банкроттыққа қатысты өзекті мәселелер

Опубликовано: 14 Январь 2025
на канале: ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты
45
0

Онлайн-курстың аңдатпасы: «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және банкроттыққа қатысты өзекті сұрақтар мен жауаптар».
2023 жылғы 12 мамырда 15 сағат 00 минутта (мемлекеттік тілде) және 16 сағат 00 минутта (орыс тілінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен: «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және банкроттыққа қатысты өзекті сұрақтар мен жауаптар» тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізіледі.
Вебинарға қатысушы бола отырып, сіз мынадай мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз: соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттықты қолдану туралы өтініш беру үшін негіздер, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану және тоқтату, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттықты қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және қозғау салдары, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін жүргізу кезінде қаржы басқарушысының өкілеттігі немесе сот банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын, кредиторлармен есеп айырысу қағидаларын, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын банкроттың міндеттемелерін соттың мазмұны және бекітуі.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.