Вебинарға қатысушы бола отырып, Сіз мынадай мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз: көшіп келушілердің санаттары, еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Қазақстан Республикасының астанасы арасында бөлу қағидалары, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту қағидалары мен шарттары, сондай-ақ корпоративішілік аударымды жүзеге асыру, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін жауапкершілік.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.
Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.
15.00 - де вебинар мемлекеттік тілде өткізіледі.
16.00 - де вебинар орыс тілінде өткізіледі.
YouTube арнасына сілтеме / rkaokz .
Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: 119; 8 (7172) 58 00 58.