23 маусым - Қазақстан полициясы күні қарсаңында Жезқазғанда тәртіп сақшылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Турнир қала әкімінің қолдауымен өткізілді. "Металлург" спорт кешенінде өткен жарысқа полиция басқармасының құрама командалары қатысты.
Спорттық шараның ашылуында облыстық полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Медет Жүнісов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.