Балаларға мектепте қаржылық және жыныстық сауаттылық пәндерін оқыту керек тақырыбы қанша талқыланса да нүктесі қойылмады.
Көбеймесе азаймай тұрған жыныстық зорлық- зомбылық, жыныстық жолмен тарайтын инфекция, қолдан жасалатын бедеулік мәселелерін қоғамның жыныстық сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында ағарту жұмыстарын жасап шешу бір шама оң әсерін берері сөзсіз.
Kozqaras podcast тың кезекті қонағы: отбасылық дәрігер, жыныстық тәрбие бойынша тренер Аслан Темірхан.
Асланмен: вакцинацияға дұрыс емес көзқарастың нәтижесінде қалай біз корь ауруының тарауы бойынша әлемде көш бастадық, балаға секс тақырыбын қалай дұрыс үйрету керек?, жыныстық қатынаста сақтануда қандай заманауи медициналық шешімдер бар? Тақырыптары аясында ағартушылық бағыттағы эпизод жаздық.
‼️КОНКУРС!
«Сіз жыныстық қатынас туралы кімнен, неше жасыңызда білдіңіз?»
🤞🏻Осы тақырыпта қызықты комментарий жазған 3 адамға 10,000 ₸ ден сыйлаймыз!
⚠️ЕСКЕРТУ:
Біз сізбен байланыса алуымыз үшін комментарийде Instagram аккаунтыңызды немесе байланыс нөміріңізді жазуды ұмытпаңыз.
🔥Сәттілік!
Таймкод:
00:00 - кіріспе
01:31 - Аслан Темірханмен танысу
12:31 - денсаулық тақырыбындағы ағарту мәселесі
16:57 - вакцинация жасамаудың үлкен көлемдегі салдары
32:11 - жыныстық сауаттылық бойынша ағарту жұмыстарын жүргізудің маңызы
34:55 - Қазақстанда орта есеппен алғашқы жыныстық қатынас 16 жарым жаста болады
37:26 - ата-аналар баламен секс туралы сөйлесуге қорқады
45:13 - ұлдарыма етеккір не екенін түсіндірдім және…
55:47 - балаға жыныстық сауаттылықты үйрету этаптары
1:01:02 - көп адам дене мүшелері мен олардың функциясын білмейді
1:07:21 - менструалды цикл туралы ұл балаларға айту керек
1:10:14 - жастардың 91%-ы жыныстық жолмен тарайтын инфекцияларды және олардың қалай таралатынын білмейді
1:16:50 - аборт жасау жасын 16-ға түсіру керек
1:21:04 - мүшеқапты тегін беру керек
1:28:08 - жыныстық инфекцияны көп тарататын - гетеросексуалды ер азаматтар
1:31:08 - мүшеқап күнде көретін гигиеналық заттардың қатарында болуы керек
1:38:19 - мүшеқапты дұрыс қолданудың маңыздылығы
1:41:33 - жүктіліктен сақтану - тек әйелдің проблемасы емес
1:48:43 - отбасын жоспарлау туралы уағыздар айтылуы керек
1:50:35 - медицинада қыздық пәктік деген түсінік жоқ!
1:58:20 - қыздық пердені қалай қалпына келтіреді?
2:00:58 - спираль мен мүшеқаптың тиімділігі
2:06:06 - спираль қалай жұмыс жасайды?
2:09:39 - ерлерге арналған сақтану жолдары
2:16:07 - неге жастар медицина саласына барғысы келмейді? Медицина мамандарының шетелге кетуіне не себеп?
2:33:26 - КОНКУРС
подкастты аудио платформаларда тыңдау
https://podcast.kz/1735130154
Подкаст жүргізушісі
Роза Әшірбаева / rozaashirbayeva
/ roza.coach
Продюсер
Тамирис Кушалиева / tamiris.k
Әсел Налыбекова / asselnalybekova
Подкаст қонағы
Аслан Темірхан / dr.aslan_temirkhan
Арт директор
Мирас Тыныштыков / miras.tynyshtykov
Motion дизайнер
Абылай Махамбеткул / abldouble
YouTube менеджер
Бекжан Нұрадин / bek10ay
Джингл
Yenlik / yenleak
Нуржан Абдолла / dln_music
Түсірілім тобы
/ silvers.production