Маңғыстау өңірінде маңдайшадағы жазулар латыншаға ауыстырыла бастады

Опубликовано: 07 Октябрь 2024
на канале: Khabar NEWS
386
7

Маңғыстау облысындағы әкімдік ғимараттарының атаулары жазылған маңдайшалар жаппай латын қарпіне ауыстырылып жатыр.

Мұнайлы өңір Елбасының қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлығын нақты іске асыруға кірісіп кетті. Бүгін облыстық әкімдік пен өңірдегі бүкіл қала, аудан мен ауылдағы әкімдік ғимараттарына жаңа әліпби бойынша жазылған тақтайшалар ілінді. Бұл бастама аймақтағы барлық мемлекеттік мекемелерде жалғасатын болады.