Атыраулық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін этно-саябаққа апарды

Опубликовано: 30 Октябрь 2024
на канале: Polisia KZ
104
0

Атырау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай, “Шаңырақ” балалар үйінің тәрбиеленушілерін “Нұрлы тал” ұлттық этно-саябаққа апарып, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Ондағы мақсат - балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу арқылы ұлттық құндылықтарды бойына қалыптастыру. Мерекелік шара барысында түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, балалар өздерін жан-жақты көрсетті. Олар ән шырқап, жеребе атумен, атқа мінумен, домбырамен күй тартты.


________________________________________________
Сайт: https://polisia.kz
Telegram-канал: https://t.me/POLICE_of_KZ