Балаңыздың өзгелерге қарағанда дамуында ерекшеліктер байқалса бей-жай қарамаңыз. Мәселен, сөйлеу, ойын, басқа балалармен қарым-қатынасы, тағысын тағы. Себебі бұл қабілеттер мен қасиеттердің барлығы өздігінен пайда болмайды екен. Тараздық тұрғындар үшін жағымды жаңалық, шахарда ерекшеліктері бар балаларға арналған тегін «Ерте қолдау» қызметі іске қосылды.