Неке неге бұзылды? «Жаңа қадам»

Опубликовано: 06 Январь 2025
на канале: EL ARNA
616
2

Опасыздықпен отбасының ойранын шығаратындардың басым бөлігі - ер азаматтар. Бірақ кінәліні анықтауға келгенде, пікір қаққа бөлінеді.
Түзге көз сүзетіндер - жарынан таппаған жылуды, амалсыз, даладан іздейді. Қаншама шаңырақтың шайқалуының кесірі осы көзге шөп салудан болып отыр. Оған бүгінгі біздің кейіпкеріміз дәлел. Ендеше бұл мәселе де біздің назардан тыс қалмасын. Опасыздықтың опығы турасында студияға келген мамандар сөйлесін. Отбасында жанжал, ұрыс-керіс неден шығады? Бақытты өмір сүрудің ережесі бар ма?  Қарым-қатынастың бұзылуына не себеп болуы мүмкін? Ер адамдар опасыздық жасауға құмар деген пікірге келісесіздер ме?
Ал әйелдер жағы ше? Отбасыңызда опасыздық болмасын десеңіз, ескеру керек қағидалар да бар екен. Бұны бізге қарым-қатынас эксперттері айтады.. Қалай болғанда да, опасыздық - ойсыздықтан туады. Тұрақсыздықты «табиғаттан» көріп, ойсыздығыңды «олқылық» деп оңай құтыла беру жарамайды. «Ат айналып қазығын табарға» салып, бір күні қайта барар қазық таппай, қызығыңның таусылмасына кім кепіл?