Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жастардың жұмыссыздығын жоюдың басты мүмкіндіктерін шағын және орта бизнес саласынан табуға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша еліміздегі жастардың 40 %-ға жуығы тұрақты түрде жұмысқа орналасу проблемаларын бастарынан өткізеді.
Жастарымыздың бойында кәсіпкерлік бастамаларды іске асыра білу қабілетін тәрбиелеу қажет. Осы мақсатта, елде жастар кәсіпкерлігін дамытып өз ісін сүйетін тұлғалар арқылы жаңа жобалар, стартаптар санын көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.