Жаһанда маймыл шешегі өршіп тұр. Қауіпті індеттің таралуын болдырмау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады. Қазір елімізде әуежайлар мен шекара бақылау бекеттерінде алдын алу шаралары күшейтілді. Әсіресе, маймыл шешегі тіркелген мемлекеттен келген азаматтар жіті назарға алынбақ.