💁Қаржылық сауаттылық – сіздің қаржылық мақсаттарыңызға жету кілті!
Өз жинақтарыңызды сауатты басқару, тиімді қаржы құралын дұрыс таңдау және өз капиталыңызды көбейту, сондай-ақ өзіңізді және жақындарыңызды қаржы алаяқтары мен қаржы пирамидаларынан қалай қорғау керек. Бұл туралы және басқа да көптеген жағдайлар туралы Fingramota.kz оқыту сайтынан біле аласыз.
📝Fingramota.kz – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі арнайы жобасы.
‼Біздің сайтымызда 8 тақырыптық бөлім бар:
• Бюджетті жоспарлаймыз;
• Депозиттер;
• Кредиттер;
• Төлемдер мен аударымдар;
• Сақтандыру;
• Бағалы қағаздар нарығы;
• Зейнетақы жүйесі;
• Сақ болыңыз, алаяқтар.
📃«Жаңалықтар» бөлімінде сайт пайдаланушылары үшін қаржы реттеушісінің қызметі, қаржы нарығындағы жағдай, заңнамалық бастамалар және Қазақстанның қаржы заңнамасындағы өзгерістер туралы жедел ақпарат әрқашан қолжетімді.
🌐Fingramota.kz сондай-ақ барлық танымал әлеуметтік желілерде ұсынылған.
www.fingramota.kz жазылыңыз және бізбен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!