Вирусты инфекциялардың таралуының негізгі себебі - гигиенаның сақталмауы. Ақтөбеде жыл басынан бері вирусты гепатиттің "А" түріне шалдыққан 4 адам тіркелген. Ал тұмау екі ақтөбеліктен анықталды. Жұқпалы респираторлы вирусты инфекцияға 2000-ға жуық адам шалдыққан. Ертең күн күрт жылынса бұл көрсеткіш өсуі мүмкін,-дейді мамандар. Ал жұқпалы ауруға төтеп бере алмайтын осал топ-балалар. Сырқаттанатындардың 70 пайызы солар. Санитар дәрігерлер тұрғындарды суық тисе өз бетінше емделмей, дәрігерге көрінуге шақырады. Өйткені, ауру асқынса пневмония, құрт ауруларына әкеп соғуы мүмкін. Былтырмен салыстырғанда аурушаңдық 1 пайызға өсіп отыр. Көктемде тұмаудың А және В вирусы белең алуы мүмкін. Балаларды қоғамдық жерлерге көп апармай, керісінше далада серуендеткен жөн. Мұрынның шырышты қабығына оксолин майын жағып, қолды күніне кем дегенде 5 рет сабындап жууға кеңес береді мамандар.
Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter / rika_kz
Вконтакте https://vk.com/rikatv