НАЗАРБАЕВТЫҚ ҰРЫ РЕЖИМ ҚҰЛАМАЙЫНША КҮРЕСТІ ТОҚТАТПАУ КЕРЕК
Ұры билікпен күресті тоқтатпау керек. Өйткені бұл ұры билікке сенуге болмайды және назарбаевтық әулет бәрібір халықты алдап кетеді. Бұрынғы 2016 жылы көктемде Атырауда жер дауы митингісі өткенде ұры билік белсенділерді қудаламауға уәде берген. Бірақ халық тынышталған соң режим белсенділерді соттады және өзінің құйтырқы саясатын жалғастыра берді. Сондықтан, бұл ұры билік толық кетпейінше күрес жалғаса бермек. Әйтпесе, кейін халықты бәрібір қайтадан қудалай бастайды.
Бұл билік басындағы ұры әулеттен құтылмайынша, қазақ елінің басына бақ қонбайды. Оның үстіне назарбаевтық әулеттің халықтан ұрлаған 300 млрд доллар ақшасын да халыққа қайтаруымыз керек. Бұл ұры әулеттің барлық заңсыз иеленген мүліктерін де мемлекетке қайтаруымыз керек. Тағы да ҚДТ (ДВК) үәде еткен бүкілхалықтық несиелік амнистия және бар, яғни барлық банктен алған несиелерден азат етілетін боласыз. Осындай және басқа да реформаларды іске асыру үшін назарбаевтық әулетті биліктен кетіруіміз керек. 50 теңгелік газды місе тұтып, алданбауымыз керек.
Алға Қазақ елі! Митинг жалғаса бермек. 2022 жылы 5 қаңтар күні сағат 12.00-де барлық қалаларда митинг басты мақсатты іске асыру үшін ұйымдастырылады.
#Шал_кет! #Zhanaozen2022 #Жанаозен2022