Мәжіліс депутаты пленарлық отырыстарда министрлер мен жауапты ведомстволар басшыларына түйткілді мәселелер бойынша сұрақ қойып, депутаттық сауал жолдап отыратыны барлығымызға белгілі. Белсенділік танытып, өз көзқарасын айту. «Заң шығарушы органның барлық депутаты осындай позиция ұстануы керек», – деді Елбасы. Елбасының тапсырмасынан кейін халық қалаулылары қандай түйткілдердің түйінің тарқатады? Қандай мәселелерге назар аударады?
Бұл сауалдарға студияға келген Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков жауап берді.